Жүректен жүрекке: ҚХА өкілдері Алматыдан Атырауға гуманитарлық көмек жіберді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жылу жинау әлі де жалғаса бермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинауды белсенді түрде  жалғастыруда. Күн сайын аймақтарға тонналап жүк жөнелтіліп жатыр. Бүгін «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында ҚХА өкілдері Алматыдан Атырауға 25 тоннаға жуық қажетті азық-түлік өнімдері мен керек заттарды жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге 25 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсеткен. Жылу жинау әлі де жалғаса бермек.

– Адам баласы бір-біріне қол ұшын созатын болса, бірлігіміз, ынтымағымыз нығаяды. Бірлігі жарасқан жердің ертеңі де жақсы болады. Қазақстанда 130 ұлт өкілі тұрады, Алматы қаласы бойынша 36 ұлттың  өкілі үлес қосты. 25-30 тонна қажетті заттарды тиедік, – деді Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы Долкунтай Абдулхалил.

Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидасы жарияланды

Новости партнеров