|
03.10.2021 | 08:10
3790

Бүгін – мұғалімдер күні

Бұл – білім беру саласының мамандарына ортақ мереке

Бүгін – мұғалімдер күні  yandex.kz

Қазанның алғашқы жексенбісі – Қазақстанда мұғалімдер күні, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.

«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деген Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзі бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның дәлелі – елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданып, қолданысқа сәтті енуі. Құжат 21 баптан тұрады. Ол баптар 500 мыңнан астам педагогтің кәсіби құқығы мен міндеттерін айқындайды. Жалпы, мұғалімдер мерекесі халықыралық деңгейде 1994 жылы ЮНЕСКО шешімінен бекітілген.

Сол жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, биылғы оқу жылында 3,6 млн оқушыға елімізде 367,7 мың мұғалім білім береді. Оның ішінде 12 мыңнан астам мұғалім еңбек жолын биыл ғана бастаған.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир