Елімізде ұялы телефон арқылы төлем жасауға тыйым салынды

28.07.2023 в 09:59

Тиісті бұйрыққа қаржы министрі қол қойды

Қазақстанда сатып алынған тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдауға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

24.kz арнасының мәліметінше, салық кодексіне сәйкес барлық төлем бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жасалуға тиіс.

Қаржы министрлігі бірнеше жылдан бері кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар банк қосымшасындағы QR-код арқылы мобильді төлем жасауға рұқсат етілген.

Ал егер POS-терминалмен төлемді қабылдамаса және ақшаны аударуды талап етсе, шағымдануға болады – ондай кәсіпкерге айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз: Алматыда бизнес-инкубатор ашылды