Тоқаев АрселорМитталТеміртаумен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

28.10.2023 в 10:34

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

 - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды шахтасында жарылыс: қаза тапқандар саны 16 адамға жетті