Алматыда мәслихат депутатын сайлау жалғасуда

29.10.2023 в 11:10

Сайлауға бірінші рет келген жастарға тәттілер таратылды

Алматылықтар №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатын сайлау науқанына белсене қатысуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аlmaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәл қазір жұмыс барлық сайлау учаскесінде қызу жүріп жатыр. Тек бұл жолы музыка әуені еш жерден естілмейді, барлық жерде тыныштық. Себебі бүгін – Жалпы ұлттық аза тұту күні. Сайлау елімізде алғаш рет, қаза тапқан кеншілерді аза тұту күніне сәйкес келіп отыр.

 - Біз әр сайлаушы үшін қуаныштымыз. Әдетте бізге әр түрлі жастағы адамдар келеді. Бізді тұрғындардың белсенділігі қуантады, - дейді №114 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Құралай Оспанова.

Алматы қаласындағы №54 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №114 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс беруге келген сайлаушыларға «Қазақстан» шоколадтары сыйлыққа таратылды. 

Оқи отырыңыз: Алматыда дауыс беру үшін 42 сайлау учаскесі ашылды