|
17.04.2022 | 12:10
3905

Дәрігерлер дауыстың өзгеруі қатерлі ісік белгісі болуы мүмкін екенін ескертті

Мамандар ауыз қуысындағы қатерлі ісікті анықтау әдістерін бөлісті

Дәрігерлер дауыстың өзгеруі қатерлі ісік белгісі болуы мүмкін екенін ескертті CC0 / Robin Higgins /

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі адамның даусынан қатерлі ісікті қалай анықтауға болатынын айтты.

Сарапшылар дауыстың өзгеруіне назар аударуға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz.

Бұған қоса, жұтынудың қиындауы, салмақ тастау, қан ағу, босаған тістер, жақ сүйектің қозғалысындағы қиындықтар, сондай-ақ шырышты қабықтағы қызыл және ақ дақтар қатерлі ісіктің симптомдары болуы мүмкін.

Мамандар ауыз қуысындағы ісік беттің ішкі жағына, ерін мен қызыл иекке шығуы мүмкін екенін ескертті.

Егер жоғарыда аталған белгілер кездессе, дәрігерге қаралған жөн. Бірақ бұл симптомдар басқа аурулардан да хабар беруі мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир