|
18.04.2022 | 13:35
3103

ІІМ ресейліктер еліміздің қай өңірлеріне келіп жатқанын айтты

Ресей Федерациясы азаматтарының басым бөлігі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген

ІІМ ресейліктер еліміздің қай өңірлеріне келіп жатқанын айтты duma.gov.ru

2022 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 16 837 ресейлік азамат Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың басым бөлігі (2463) Қызылорда облысына келген. Сондай-ақ Алматыға - 2116, БҚО - 1677, Қостанай облысына - 1525 ресейлік келіп орналасқан.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі (8217) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш қабылданған.

Бұған дейін 170-ке жуық Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир