Қоғамдық көліктің жолаушысы болған мысық желіде танымал болды

02.03.2024 в 13:03

Оны иесі желідегі видеодан танып, қайта қауышты

Әлеуметтік желіде Оралда қоғамдық көлік ішінде жүрген мысықтың суреті тарады. Үй иесі оны сол суреттен таныған, мысық біраз уақыт бұрын жоғалып кеткенін жазды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Оралда автобустың артқы орындығында ұйықтап жатқан мысық туралы жазба жарияланған. 

"Міне, осындай жолаушы. Оны ешкім мазаламайды, ол да ешкімге орын бермейді", - делінген жазбада.

Қызық болғанда, бұл мысықты иесі көптен бері іздеп жүр екен. Ол жазбаны көріп, қала тұрғындарынан мысықты тауып беруін өтінген. 

"Бұл біздің отбасы мүшесі. Ол 25 қаңтарда жоғалып кетті, біз оны іздедік, бірақ таппадық. Бүгін мен жарнамаға тап болдым, сүйікті жануарымды таныдым. Ол бесінші автобусқа мініп алып, жылынып жатыр. Жүргізушіні таптық. Ол мысықтың ақылды екенін айтты. Ол "62 үй" аялдамасынан автобусқа өзі мініп, үш айналым жасап келіп, сол аялдамадан қайта түсіп қалады екен", - деді үй жануарының иесі. 

Оқи отырыңыз: Алматыда «Етік киген мысық» ертегісінің қойылымы көрсетіліп жатыр