|
16.04.2022 | 14:45
4225

Қазақстан қант импортының квотасын арттырды

Қазақстан биыл тамыздың соңына дейін 350 000 тоннаға дейін ақ қант пен шикі қантты импорттай алады

Қазақстан қант импортының квотасын арттырды © Pixabay /

Қазақстан қант импортының квотасын арттырды, деп хабарладыAlmaty.tv тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында Қазақстанның ақ қант пен шикі қантты бажсыз әкелу квотасын тағы 100 мың тоннаға арттыру туралы ұсынысы мақұлданды.

"Негізгі импорттаушы елдер – Ресей мен Беларусь. Бұл елдерден экспорттың шектелуіне байланысты Қазақстан жаңа жеткізушілерді іздеуге мәжбүр. Біз Еуразиялық экономикалық комиссияға кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесі бойынша қантқа арналған квотаны ұлғайту туралы өтініш жасадық", - деп түсіндірді Б.Сұлтанов.

Қант - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары, сонымен қатар басқа да бірқатар өнімнің бағасына әсер етеді. Осыған байланысты міндет тек тапшылықтың алдын алу ғана емес, сонымен қатар қазақстандық тұтынушылар, соның ішінде тамақ өнеркәсібінің жекелеген секторлары – кондитерлік өнімдер мен алкогольсіз сусын өндірушілер үшін қант құнын тұрақтандыру және төмендетуді қамтамасыз ету.

Осылайша Қазақстан биыл тамыздың соңына дейін кедендік баж салығын нөл деңгейінде сақтап, жалпы көлемі 350 000 тоннаға дейін ақ қант пен шикі құрақты импорттай алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир