Алматыда жас мемлекеттік қызметкерлер сенбілік өткізді

20.11.2023 в 15:01

Тазалық жұмыстары «Тереңқұр» жаяу жүргінші алаңында жүргізілді

Алматыда жас мемлекеттік қызметкерлер сенбілік өткізді. Тазалық жұмыстары «денсаулық жолағы» аталып кеткен «Тереңқұр» жаяу жүргінші алаңында жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараны биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы ұйымдастырды. Мемлекеттік басқару академиясымен және Медеу аудандық әкімдігімен бірлесіп өткізілген сенбілікке 30-дан аса волонтер жиналды.

Айта кетейік, Алматы бойынша 3600-ден астам мемлекеттік қызметкер бар.

– Еріктілер кеңесі жас мемлекеттік қызметкерлерден құралған. Олар халыққа, қала тұрғындарына көмек көрсетеді, қан тапсыру, көше тазалау сынды іс-шараларды ұйымдастырады. Тегін. Мақсаты – халықпен байланысты жақсарту, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қалалық департаментінің басқарма басшысы Нұржан Узбеханов.

– Сенбілікке әр тоқсанда 1 рет шығамыз. Қаламызда әбір мекеме, ұйым ауласын таза ұстап, жиі-жиі сенбілікке шығуы керек деп ойлаймын, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қалалық департаменті басқармасының бас маманы Жұпархан Азбаева.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз қала: Алматы полициясы мәлімдеме жасады