Алматылықтар актер Фархат Әбдірайымовты ақтық сапарға шығарып салды

23.05.2021 в 15:21

Актер «Кеңсай» зиратына жерленді

Бұған дейін пандемияға байланысты актерді жерлеу рәсімі оның туыстары мен достарының қатысуымен ғана өтетіні хабарланған. Алайда жексенбі күні таң атпастан халық Орталық клиникалық аурухана маңына жинала бастады. Сол жерде халық сүйікті актерін қол шапалақтап, соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2021 жылдың 21 мамырында елге танымал 55 жастағы қазақ актері Фархат Әбдірайымов дүниеден озды

Актердің туыстары хабарлағандай, Фархат Әбдірайымов жүрек талмасынан көз жұмған.