|
13.10.2022 | 04:05
14616

Айлық табысы 500 мың теңге: Алматыда бала күтушілердің жалақысы белгілі болды

Бүгінде елімізде бала күтуші қызметі — сұранысқа ие кәсіптің бірі

Айлық табысы 500 мың теңге: Алматыда бала күтушілердің жалақысы белгілі болды Ашық дереккөзден

Алматы қаласында бала күтушілер негізінен тәжірбиесіне қарай 60 000-нан 350 000 теңгеге дейін жалақы алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде бала күтуші қызметі — сұранысқа ие кәсіптің бірі. Жұмыстан қолдары тимейтін кез келген отбасы кейде осы кәсіптің түріне жүгінеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың I тоқсанында олардың орташа жалақысы 285 433 теңге болды.

Бала күтушіні іздейтін адамдардың басым көпшілігі танымал сайттардан немесе арнайы орталықтарға жүгінеді.

Елімізде бала бағу ақысы — сағатына 300 теңге. Егер жұмыс берушімен кешкі уақытта ұзағырақ қалуға келіссе әр сағатына қосымша төлем алады.

Бала күтушілердің жалақысы білімі, тәжірбиесі, жұмыс істеу уақытына байланысты өсіп отырады. Егер арнайы медициналық біліктілігі болса тіпті жоғары бағаланады. Бұл кәсіп түріне 18 бен 57 жас аралығындағы қыз-келіншектер алынады екен.

Ал Алматыда 500 000 теңге көлемінде жалақыны бірнеше жыл бойы бір үйде қызмет етіп жүрген мамандар алады екен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир