Путин Костенко шахтасындағы апатқа байланысты көңіл айтты

28.10.2023 в 16:15

Жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 - Қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, қолдау білдіремін, жер астында қалған кеншілерді құтқарады деп үміттенеміз, – деді Ресей президенті Владимир Путин. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына туған қайғыла жағдайға байланысты 28 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.

Өрт шыққан кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 204 кеншіні сыртқа шығарды.

Оқи отырыңыз: Костенко шахтасынан 32 адамның денесі табылды