|
06.11.2021 | 17:08
3997

Білім беру саласының ардагері Қажахмет Балахметов өмірден озды

Білім беру саласының ардагері Қажахмет Балахметов өмірден озды  inform.kz

Қазақ КСР-нің экс-білім министрі, білім беру саласының ардагері Қажахмет Балахметов өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін отандық білім беру ісінің корифейі, Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов өмірден өткендігі туралы суыт хабар жетіп, көңілді құлазытты. Қажахмет Балахметұлы еліміздің білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан адам. Бұл саланы 13 жылдан астам басқарған ол, балалар мен жастарды оқыту мәселесіне ерекше назар аударатын.

Соңғы рет Қажахмет Балахметовпен биыл жазда 95 жас мерейтойымен құттықтап барғанымда кездесіп едік. Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын.

Қажахмет Балахметұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – деп жазды А. Аймағамбетов. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир