«Almaty» Телерадиокомпаниясы» АҚ шығармашылық жобалар мақсатындағы жаңа ұсыныстар мен идеялардың питчингін бастайды.
Питчинг – креативті идеяларды жүзеге асырып, өзекті де шынайы жаңалықтарға жол ашатын нағыз кәсібилерді анықтауға арналған мүмкіндік алаңы.
Питчингтің мақсаты - авторлар мен командаларға когнитивті және ойын-сауық мазмұндағы түпнұсқа идеялар мен жаңа форматтағы өнімдерін ұсынуға мүмкіндігін беру. Шараға жеке авторлар да, продюсерлік студиялар, медиа саласына жаңадан қосылғандар мен кәсіби шебер командалар да шақырылады. Мына шартты ескеру керек. Өндірістің барлық кезеңдерінде жарияланған жобаны өздігінен жүзеге асыру үшін қатысушының шығармашылық тәжірибесі мен техникалық мүмкіндіктері болуы керек.
Питчинг аясында қатысушы өз идеясын сарапшылардан құралған қазылар алқасының қарауына ұсына алады. Үздік идеялар мен маңызды тақырыптық жобалардың экранға шығуға мүмкіндігі бар.
Шығармашылық байқау 3 негізгі бағыт бойынша өтеді: ойын - сауықтық сериалдар, трансмедиялық жобалар мен диджитал-контентке негізделген өнімдермен қатар, қатысушыларға «Алматы – 2050» Стратегиялық даму жоспары аясында мегаполистің дамуын көрсететін түрлі әлеуметтік бағыттағы және басқа да телевизиялық бірегей жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі. Питчингте талқыланатын жобалар басқа платформаларда жарияланбауы тиіс. Авторлық және сабақтас құқық нормалары мен басқа да ережелер сақталуы тиіс. Питчингте ұсынылған материалдар интернетте, басқа әлеуметтік желілерде және дәстүрлі БАҚ-та таратылмауы керек.
Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова, «Almaty» Телерадиокомпаниясы» АҚ Бас директоры: «Питчинг арқылы біз ауқымды идеяларды бұрыннан көтеріп келе жатқан тәжірибелі продюсерлер, режиссерлер мен сценаристерге, көзінде оты бар жастарға шығармашылық тұрғыдан ұсыныс жасауға мүмкіндік береміз. Келген тапсырыстың бәрін мұқият қарастырамыз. Жазу стиліндегі техникалық, басқа да түсініксіз қателерге қарамастан, идеялық салмағы бар жобалар құпталады. Сондықтан да батылдық танытып, питчингке қатысыңыз. Креативті жобаларыңызды ұсыныңыз. Мұндай шаралар – автордың ширап, тәжірибе жинауына мүмкіндік береді. Әрине, ең үздіктері көрермендерге өз өнімдерін ұсына алады».
Өткізу мерзімі: 2021 жылғы 6 - 26 қараша аралығы
Мемлекет: Қазақстан Республикасы
Ұйымдастырушы: "Almaty" Телерадиокомпаниясы " АҚ
Өтетін орны: "Almaty "Телерадиокомпаниясы" АҚ, Алматы қаласы, М. Ғабдуллин көшесі, 88 А
1 кезең: 2021 жылғы 6 - 20 қараша аралығында шығармашылық ұсыныстар телеарнаның ресми сайты арқылы онлайн-өтінім беру арқылы қабылданады. https://almaty.tv/
Питчинг іріктеуге қатысу үшін қатысушылар электрондық мекен жайларға онлайн - өтінім беруі керек. k.nurgaliev@almaty.tv, z.baltaeva@almaty.tv, a.askarbaeva@almaty.tv.
Онлайн - өтінім мыналарды қамтиды:
-презентация түрінде рәсімделген өтінімге міндетті түрде идеяның атауы, логлайн (сюжет бір - екі сөйлеммен (қысқаша) беріледі) және синопсис, тұжырымдама (орыс және қазақ тілдерінде) қамтылуы тиіс, қосымша бейне жинақтар (трейлер, тизер, анимацияланған сюжеттік немесе жалпы хронометражы 3-5 минут болатын басқа да бейне) және басқа да қосымша материалдарды жолдауға болады;
- шығармашылық - өндірістік топтың портфолиосы (компанияның тұсаукесерлері, жұмыс тәжірибесі, түсірілім тобы туралы қысқаша ақпарат, техникалық жабдықтау ) ;
- жобаның алдын ала бюджеті (смета);
- басшының (автордың) жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі.
* Әр қатысушы әр түрлі тақырыптық бағыттар бойынша бес жобаға дейін өтінім бере алады.
* Сандық орналастыру үшін рұқсат етілген талап етілетін форматта қатысушының орындауында жазылған аудио-бейне презентациялардың материалдары. Техникалық шарттарды мұқият қарап, бейнематериалдарға қойылатын талаптарды сақтау:
* MOV немесе MXF форматындағы бейне;
* 5 минутқа дейінгі бейнематериалдың хронографы;
* FHD стандарты, 16: 9.
* Қажет болған жағдайда қатысушылардың сөйлеген сөзінің жұмыс бейнежазбасына сілтемені тіркеу мүмкіндігі бар. Бейне кез-келген арнайы платформада орналасуы керек (мысалы: Yandex Disk,
Google Disk және т. б.) және өтінімдер қабылдау аяқталғанға дейін қол жетімді болуы;
* Питчингке 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар немесе жарияланған питчингке қатысуға ниет білдірген заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері қатысуға құқылы.
* питчингке және оның материалдарына авторлық құқық кепілдігін растау, ол қатысуға арналған сауалнамада осы шығармашылық ұсыныстың бірегей болып табылатындығы және қатысушының зияткерлік/шығармашылық еңбегінің нәтижесі болып табылатындығы туралы жазбаша растау құжаттары болуы керек.
Қатысушыларды іріктеу:
- питчингке қатысушылардың өтінімдерін қазылар алқасы қарайды;
- онлайн - өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша питчингте ең бірегей және тиісті идеяларын ұсынған үміткерлер іріктеледі;
- қатысушыға келесі кезеңге өту туралы хабарлама электрондық пошта арқылы онлайн-өтінім келіп түскен E-mail-ға жіберіледі;
- берілген өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінімдер қабылданбайды және қарастырылмайды;
- Егер онлайн-өтінім үшін сұратылатын деректердің толық пакеті қалыптастырылмаған болса, қазылар алқасының мүшелері конкурсқа қатысушыны питчингке қатысудан алып тастау құқығын өзіне қалдырады.
Шарт: питчингке қатысу үшін шығармашылық ұсыныс ұсынғысы келетіндер бұл туралы 2021 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей ресми түрде мәлімдеуі тиіс.
Шығармашылық ұсыныстар жарияланғаннан кейін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Егер шығармашылық ұсыныс питчингке түссе, құқық иесі айрықша емес құқықтарды өтеусіз береді.
2 кезең: 2021 жылдың 26 қарашасында "Almaty "Телерадиокомпаниясы" АҚ ғимаратында М. Ғабдуллин көшесі, 88 а -да ұсынылған жобалардың офлайн тұсаукесері өтеді.
Қорытындысы бойынша қатысушылар арасында экрандауға мүмкіндік алатын тақырыптық бағыттар бойынша үздік жобалардың авторлары анықталады.
- бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша хабарлама алған қатысушыларды Ұйымдастыру комитеті Питчингтің тұсаукесерін тыңдау және жазу үшін шақырады;
- сөз сөйлеу реттілігін қазылар алқасының мүшелері анықтайды;
- ұйымдастыру комитеті өз телеарнасының эфирінде, жаңалықтар сюжеттері және т. б. арқылы кейіннен орналастыру үшін нөмірлердің телевизиялық жазбасын жүзеге асыра алады.
Өкілдердің питчингте болуына байланысты барлық шығындарды қатысушы өзі төлейді.
Конкурстық өтінімдерді "Алматы" телеарнасының көркемдік кеңесіне кіретін қазылар алқасының мүшелері бағалайды. Оның құрамына кино және телеиндустрия саласындағы кәсіпқойлар, қоғам қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді.
Қазылар алқасының төрағасы: "Almaty "Телерадиокомпаниясы" АҚ Бас директоры Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова.
Қазылар алқасының құрамына конкурстық бағдарламаларға қатысатын шығармашылық ұсыныстарды шығарумен және таратумен байланысты тұлғалар кіре алмайды.
Шығармашылық ұсыныстарды іріктеу критерийлері:
- бірегей идеялар, кейіпкерлер мен сценарийлерді пысықтау;
- авторлық ойдың іске асуы және туындыны қабылдаудағы ережелердің сақталуы;
- техникалық құралдар мен арнайы эффектілерді сәтті қолдану;
Құрметті қатысушы, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Таңдаулылар байқауына қатысыңыз!
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөмірі арқылы жауап алуға болады.: +7 (727) 275 01 01.