Павлодарда жуырда жөнделген су арнасының сапасы сын көтермейді

18.03.2024 в 20:14

Сәтбаев атындағы су арнайы тек өңір емес, елдің бірқатар аумағын тіршілік нәрімен қамтып отыр

Павлодарда жуырда ғана жөндеу жүргізілген су арнасы сапасыз болып шықты. Салдарынан елдімекендерге төнетін қауіп артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал дабыл қаққан су арнасының басшылығы «тез арада бөгеттерді қалпына келтіру керек» дейді. Өйткені көктемде су арнасынан асуы мүмкін. Басшылардың айтуынша, жағдайға мердігер кінәлі көрінеді. Жұмысын мардымсыз орындаған компанияны мекеме сотта жеңіп шыққан. Дегенмен қарашаға төнетін қауіп сейілген жоқ.

– Бізді жазғы уақытта толқынның қатты болуы алаңдатып отыр. Себебі толқын соғылған сайын бөгет мүжіле береді. Кез келген уақытта жарып шығуы мүмкін. Сол үшін алаңдаймыз. Бөгетке толығымен жөндеу қайта жасалмаса, тек бақылап отырудан нәтиже болмайды, – деді Қ. Сәтбаев атындағы су арнасы Павлодар басқармасының басшысы Владимир Егер.

Аталған мәселені біржақты ету үшін арнайы комиссия да құрылған. Мәселені жан-жақты бақылауға алатындар сараптаманың да тағайындалғанын айтып отыр.

Айта кетейік, Сәтбаев атындағы су арнайы тек өңір емес, елдің бірқатар аумағын тіршілік нәрімен қамтып отыр.

– Республикалық бюджеттен су арнасының жөндеу жұмысына қомақты қаржы бөлінді. Қаржының дұрыс игерілуін қадағалаймыз. Жұмысын дұрыс атқара алатын мердігерді таңдауымыз керек, – деді АMANAT партиясы облыстық филиалының комиссия төрағасы Олег Костенко.

Оқи отырыңыз: Тізімде жоқ: Ақтөбелік көпбалалы ана қайта «тірілді»