Василий Левит испан боксшысынан нокаутпен жеңілді

27.07.2021 в 16:16

1/8 финалда ол испаниялық Эммануэль Рейеспен жұдырықтасты

Василий Левит Токио Олимпиадасында сенсациялық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Василий Левит 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. 1/8 финалда ол испаниялық Эммануэль Рейеспен жұдырықтасты. Екінші раундта испан боксшысы Левитті нокаутқа түсірді.

Василий Левит  2016 жылы Рио Олимпиадасының финалында жеңіліп, бұл жекпе-жек жанкүйерлер мен сарапшылар арасында дау туындаған болатын. Одан бөлек, Левит 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль алған, 2009, 2015 және 2017 жылдары Азия чемпионы атанған. Биыл құрлықтық жарыста күміс медаль еншілеген болатын.  

Олимпиаданың 1/8 финалында Қазақстанның екі боксшысы жарыс жолынан шығып отыр. Бұған дейін 69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов ширек финалға шыға алмаған еді.