|
01.08.2023 | 01:41
3207

40 градусқа дейін ыстық: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Барлық өңірде жел тұрады

40 градусқа дейін ыстық: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы Фото из интернета

1 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, найзағай мен жаңбыр болжанады. Тек батыста, оңтүстік пен солтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Барлық өңірде жел тұрады. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде 35-40°с қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен орталығында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир