|
06.05.2024 | 10:20
4430

Алматы облысында жер сілкінді

Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Алматы облысында жер сілкінді omandailynews.com

2024 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысында жергілікті уақытпен таңғы сағат 09:12-де жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің эпиорталығы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында жатыр.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасынан 194 шақырым жерде орналасқан. Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылындағы жер сілкінісінің күші 2 балл болды», - деп хабарлайды ТЖМ.

Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда Батыр – панфиловшылар шыңына көтерілу альпиниадасы ауыстырылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир