|
21.11.2021 | 12:10
3488

Ақтөбеде ауа райына байланысты жол жабылды

Облыста қар жауып, борап тұр

Ақтөбеде ауа райына байланысты жол жабылды  Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде қар жауып, борап тұр. Қазір Ақтөбеден Батыс Қазақстан облысы арасындағы жол жабық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бүгін желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, боран болатынын ескертті. Іле-шала облыстық ПД баспасөз қызметі боран соғып, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аумақтың жабылғанын хабарлады. Сонымен бірге Шұбарқұдық ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектелді. 

Айта кетейік, Ақтөбеде алғашқы қар 11 қараша күні жауды. Онда жүк көліктері жолда қалып, құм мен тұз себу жұмыстары жүргізілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир