Селдің салдары: "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты жабылды

24.07.2023 в 13:27

Бекет лай мен тастан тазартылып жатыр

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты бүгін жабық. Үш күн бұрын болған селдің салдарынан жүргіншілер көпірі қирап, су тарту жүйесі істен шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мұздықтардың еруіне байланысты ауыз судың ішуге жарамсыз екенін хабарлады. Қазір бекет лай мен тастан тазартылып жатыр. Дегенмен жағдай тұрақты, көлдердің тасу қаупі жоқ.

Оқи отырыңыз: 42°С ыстық болады: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы