|
13.02.2022 | 15:10
3778

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды inform.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола және Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

13 ақпан күні сағат 12:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, жел, боран, жолдың көрінбеуі) Ақмола және Қарағанды облыстарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Атап айтқанда Ақмола облысы бойынша:
1. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1425 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейінгі учаске,
2. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі учаске.
Қарағанды облысы бойынша:
1. «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 937-1135 шақырымы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысына дейінгі учаске.
2. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 0-16 шақырымы, Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолындағы учаскедегі жолдар жабылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир