|
17.11.2021 | 16:21
2888

Aлматыда қaр тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік қоятын «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындарды қардан тазарту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды

Aлматыда қaр тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласында 17 қарашада сағат 14.40-тан бастап қар жауа бастады. Қар жауа салысымен 191 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Қар тазалауға барлығы 554 арнайы техника бірлігі мен 1482 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік қоятын «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындарды қардан тазарту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Түнгі кезеңде 17-18 қараша аралығында 491 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 183 құмшашқыш және 323 жол жұмысшысы қар тазалаумен айналысады деп жоспарлануда.

Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша 18 қарашаның таңына дейін қар жауады деп күтілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир