|
12.02.2022 | 18:56
3476

Алматы әкімдігі ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райының құбылмалылы болады

Алматы әкімдігі ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады novastan.org: UGC

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілері мен тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті алматылықтар! Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райының құбылмалылы болады. Ауа температурасы күрт төмендеп, қар аралас жаңбыр жауып, аяз, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты Алматы ТЖД-нің 112 СМС хабарламаларына мұқият қарауды, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтауды, жылдамдықты азайтуды, қашықтықты сақтауды, кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болуды сұраймыз. Жолдың жүру бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болғанда жаяу жүргіншілер сақ болыңыздар», – делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир