|
21.01.2023 | 13:44
2207

ҚР ОСК Мәжіліс сайлауына қатыса алатын партиялардың атын атады

Саяси партиялар партиялық тізімге осы саяси партияның мүшесі емес адамдарды ұсына алмайды

ҚР ОСК Мәжіліс сайлауына қатыса алатын партиялардың атын атады parlam.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясында отырыс өтіп, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына партиялық тізім бойынша қатыса алатын партиялардың аты аталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша 70 пайызы сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы тек саяси партияларға ғана тиесілі.


"Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеп отыр. Олар: "Қазақстанның Халық партиясы" (2002 жылы сәуір айында тіркелген); "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – (2000 жылы наурызда); "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" (2007 жылы қаңтарда), "AMANAT" партиясы (1999 жылы ақпанда), "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы (1999 жылы ақпанда), "Байтақ" Қазақстандық жасылдар партиясы (2022 жылы қарашада), "Республика" партиясы 2023 жылы қаңтар айында тіркелген. Барлық аталған саяси партиялардың жарлықтарында партия Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы екені көрсетілген", – деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Оның айтуынша, саяси партиялар партиялық тізімге осы саяси партияның мүшесі емес адамдарды ұсына алмайды. Бұл ретте, партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша да ұсыныла алмайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ЦИК
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир