Мемлекет басшысы Иран президенті Ибрахим Раисиге жеделхат жолдады

04.01.2024 в 15:44

Керман қаласында болған лаңкестік әрекеттен көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

- Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз: Еуропаның бірнеше өңірінде су тасқыны жайлады