|
01.01.2024 | 15:44
4497

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Акорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін. Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир