Астанада футбол қақпасы баланың үстіне құлап мерт қылды

08.08.2023 в 08:58

Мұны Астананың білім басқармасы растады

Астанада мектептің аумағындағы футбол қақпасы балаға құлады. Оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұны Астананың білім басқармасы растады.

"№10 мектептің аумағында футбол қақпасы 10 жастағы баланың үстіне құлады. Оқушы алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Білім басқармасы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде өрт болып, балабақшадан 35 бала эвакуацияланды

Tags: погиб