Жасөспірім жүргізушінің кесірінен ірі жол апаты болды

20.03.2024 в 10:38

Көлік апаты 19 наурызда Бостандық ауданында болған

Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурызда кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.

- Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Жалған төлқұжатпен Еуропаға өтпек болғандар Алматыда ұсталды