Алматыда қоғамдық орында өткір иісті газ шашылды

24.04.2024 в 14:35

Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады

Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын Арбатқа көз ашытатын өткір иісті бұрышты газ баллонын шашып жіберген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Бейнежазбадан адамдардың тұншығып, жөтеліп жатқанын көруге болады.

Қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

- Қоғамдық орында бұрыш иісті газ шашқан бұзақының кім екені анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Павлодарда шыбын-шіркейлерді улау жұмысы басталды