|
15.09.2021 | 14:43
3180

Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақта жолаушы көз жұмды

Әуе диспетчері арқылы жедел жәрдем шақырылып, ұшақ Жезқазған қаласында қонды

Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақта жолаушы көз жұмды © CC0

Елордадан Шымкентке бет алған ұшақ ішінде жолаушы әйел есінен танып қалды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Qazaq Air әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған реанимациялық шаралар жасалды.

Ұшақ Жезқазған қаласында қонуға мәжбүр болды. Ол жақта көмек келгенімен, әйелдің ұшақта қайтыс болғаны анықталды.

«Экипаж мүшелеріне жолаушы өзін нашар сезініп отырғаны туралы хабарлама түсті. Бортсерік жолаушының жанына келгенде ол ес-түссіз болатын», – дейді компаниядағылар.

Бортсерік жағдайды ұшақ командиріне хабарлап, жолаушыларды көмекке шақырды. Жолаушылар арасында болған дәрігер көмекке келді.

Жолаушыға жүрек соғысын қалпына келтіру шаралары жасалды.

Әуе диспетчері арқылы жедел жәрдем шақырылып, ұшақ Жезқазған қаласында қонды. Алайда әйелге көмек қажет болмады, ол ұшақта көз жұмды.

Дереккөзі: Sputnik.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Әйел
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир