Тобылда 2 жасар бала кәріз құдығына құлап көз жұмды

11.06.2023 в 17:35

Ақпаратқа Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсінік берді

Ашық құдыққа құлап кеткен 2 жасар баланың өліміне байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсінік берді.

«Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өліміне байланысты «Міндетке сенімсіздік таныту» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция.

Тергеу бойынша тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында жолаушылар көлік апатынан мерт болды