Көлікті мас күйінде басқарған адам - қылмыскер саналады

30.12.2023 в 16:23

Алматы жолдарында мас күйінде 1 мың 800-ден астам жүргізуші ұсталды

Алматы жолдарында мас күйінде 1 мың 800-ден астам жүргізуші ұсталды - жыл қорытындысы. Бұл мәліметтерді жергілікті полиция қызметі 11 айдың қорытындысын ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- Жыл басынан бері 1 миллион  866 мың 741 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Көлікті мас күйінде басқарған 1 мың 843 жүргізуші ұсталды. Сот 2 мың 443 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 1 мың 754 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Көлікті мас күйінде тізгіндеген адам - қылмыскер. Бұл аксиома, өкінішке қарай көп жағдайда адам өлімімен және көптеген отбасылардың қайғысымен байланысты. Естеріңізге сала кетейін заңда көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қатаң жаза қолданылады. Бірінші рет болса көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі 7 жыл. Сонымен қатар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған, - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінде, қала жолдарында жыл басынан бері 3 мың 195 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 мың 415 адам зардап шегіп, тағы 94 адам қаза тапқанын хабарлады.

Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға үндеу жариялады