Түркиядағы жол апаты: тағы бір қазақстандық ауруханада көз жұмды

07.09.2023 в 18:31

Марқұмдардың сүйегі елге бүгін жеткізіледі

Түркияда жол апатынан тағы бір отандасымыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апаттан атыраулық журналист Арайлым Бақытжан мен оның екі жастағы қызы оқиға орнында көз жұмған. Ал қатты жараланған 34 жастағы жолдасы жансақтау бөлімінде жатқан. Бүгін оның да ақтық демі үзілгені туралы қаралы хабар жетті. Олардың 9 жасар ұлы аман қалды. Марқұмдардың сүйегі елге бүгін жеткізіледі.

Оқи отырыңыз: Түркияда жаңбырдан су тасқыны болды