Біз және біздің өскелең ұрпақ өркендейтін болашаққа әбден лайықты - Ұлан Қабыл

15.11.2022 в 11:39

Жаңа, әділетті Қазақстан үшін барлығымыз дауыс берейік. Осылай деген актер Ұлан Қабыл барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

"20 қараша өтетін сайлауға баршаңызды шақырамын. Бұл - біздің Республикамыздың үні. Біз және біздің өскелең ұрпақ өркендейтін болашаққа әбден лайықты. Құрметті қазақстандықтар! Жаңа, әділетті Қазақстан үшін барлығымыз дауыс берейік", - деді актер.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.