Әкесі мінбеген көлік әнші Бағлан Әбдірайымовқа бұйырды

13.10.2023 в 17:18

Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлігін көпшілікке көрсетті

Бүгін, 13 қазанда Бағлан Әбдірайымов су жаңа көлігін көпшілікке көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында көлікті сыйға алғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

 - Жігіттер осылай қолдау көрсетті, - деп жазды Бағлан Әбдірайымов. 

Ал желі қолданушылары әншіні су жаңа темір тұлпарымен құттықтады. "Құттықтаймын", "Көрімдікке бір пакет құрт", "Игілігіңізге мініңіз", "Көлік құтты болсын", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін әнші Бағлан Әбдірайымов өз өкінішін айтқан еді.  Әнші сахнада 20 жыл жүріп әке-шешесінің жағдайын жасауға тырыспағаны үшін күйінеді. 

Оқи отырыңыз: Жас әнші Садраддин су жаңа темір тұлпар тізгіндеді: кім, қанша көрімдік берді

Tags: сыйлық