Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

05.02.2024 в 23:32

Диас Аблаев анасының туған күнінде оған ән арнады

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нағима Есқалиева 70 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін ет жақындарының арасында дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізді. Әншінің туған күніне жанашырлары мен өнердегі достары жиналған.

Эстрада жұлдызын құттықтап келген әртістер арасында Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Әли Оқапов болды. Өнер иелері туған күн иесіне ақ тілегін жолдап, кеш қонақтары үшін ән шырқады.

Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев анасының туған күнінде оған ән арнады. Әнші Жеңіс Ысқақова 70 жас мерейтой қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында көрсетті.

Оқи отырыңыз: Нұржан Керменбаевтың отбасы туралы қандай шындық бар