Қазақстандық екі жеңіл атлет Олимпиада жолдамаcын жеңіп алды

13.06.2021 в 13:30

2021 жылғы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді

Қазақстандық жеңіл атлеттер Иван Иванов пен Ирина Эктова Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Дмитрий Карпов өзінің Instagram парақшасында қазақстандық жеңіл атлеттер Иван Иванов пен Ирина Эктова Бішкектегі (Қырғызстан) турнирде Олимпиада жолдамаларын еншілегенін жазды.

Сонымен қатар, ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін) және Игорь Сон (61 келіге дейін), каратэден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбаева және

көркем гимнастикадан Алина Әділханова Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

Айта кетейік, 2021 жылғы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.