Чиншанло мен Сон Токио Олимпиадасына қатысады
baq.kz
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылардың есімдерін атады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло (55 келіге дейін) және Игорь Сон (61 келіге дейін) атаулы лицензиялардың иегерлері атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мәлімдеді. Енді Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон Олимпиадада еліміздің атынан бақ сынайды.
Бұған дейін Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, спортшы Алина Әділханова көркем гимнастикадан Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, 2021 жылғы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
07.09.2026 16:45
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.09.2026 18:10
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
06.09.2026 15:23
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
06.09.2026 17:32