Сұрағанның тілеуі орындалды: Самарқандта төртем дүниеге келді

13.03.2024 в 10:32

10 жыл бала күткен отбасының ортасы толды

Самарқандта 10 жыл бала күткен отбасы төрт балалы болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі bugin.kz-ке сілтеме жасап.  

Республикалық мамандандырылған ана мен бала ғылыми-практикалық орталығының Самарқанд облысы бойынша департаментінің филиалында 29 жастағы келіншек төртемді дүниеге әкелді.

Егіз баланы босанған Муниса Бекмирзаева мен Фаррух Полатовтың отбасы 10 жыл бала күткен. Балалардың бірі қыз, үшеуі ұл. Қазіргі уақытта ана мен баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер оларға барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда жүктілікті қорғау орталығы ашылды