|
26.10.2020 | 15:26

Филиппиндегі тайфун салдарынан 25 мың адам эвакуацияланды

Мұнда жүздеген кент су астында қалды

Филиппиндегі тайфун салдарынан 25 мың адам эвакуацияланды inform.kz

«Молаве» тайфуны салдарынан Филиппиндегі Манила қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан жүздеген кентті су басты. Ел билігі 25 мыңнан астам адамды қауіпсіз аудандарға эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, эвакуацияланған 25 мың адамнан басқа, тағы 20 мың азамат арнайы жабдықталған мектептер және үкіметтік ғимараттарды паналап отыр. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен-Шығыс Миндоро провинциясы. Мұнда жүздеген кент су астында қалды, ауылшаруашылық алқаптар бүлінді, құлаған ағаштар жолдарды бөгеп тастады. Көптеген елді мекендер электр жарығынсыз отыр. 

«Молаве» тайфуны батысқа қарай бағыт алған, жел екпіні cағатына 180 шақырымға жетеді.

Bólisý

‡агрузка...

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!