|
04.06.2021 | 20:09
5058

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай вакцина алғандарға «Қазақстан» шоколады таратылды

Акция азаматтық пен патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну мақсатында өткізілді

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай вакцина алғандарға «Қазақстан» шоколады таратылды пресс-служба акима Алматы

Бүгін Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай санитарлық талаптардың сақталуын ескере отырып бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Олар қаланың вакцинация пункттеріне мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері вакцин алған қала тұрғындарына Қазақстан туы бейнеленген шоколадтарды тарату жайлы шешім қабылдады.

Акция азаматтық пен патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну мақсатында өткізілді.

«Мемлекеттік рәміздер-рухани күш-қуаттың қайнар көзі, әрбір қазақстандық Ту, Елтаңба мен Әнұранды қастерлеуі тиіс. Біздің қаламызда тудың символикасы бар  брендтік шоколад өндіріледі, ол туралы дүниежүзі біледі, сондықтан біз вакцинаға қатысушыларға шоколад сыйлап, мерекемен құттықтауды жөн көрдік», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова.

Вакцинацияланғандарға Globus СОСО, «Мега»СОCО, «МБО»СҮ, Төле би бойынша ХҚКО егу пункттерінде 500-ден астам шоколад таратылды.

Сыйлық алғандардың арасында алматылық Абдул Ибрагимов та бар, ол бүгінде отандық вакцина алды.

«Біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, жастарды патриотизмге тәрбиелеу керекпіз. Бұл мерекені насихаттау және оның тарихын айту. Мен вакцина алуға келіп едім, құттықтауларды көріп қуандым. Менің ойымша, вакцина алу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру патриотизмді, өз елі мен халқына деген сүйіспеншілікті білдіреді. Біз бірге індетті жеңуіміз керек!» – деді А. Ибрагимов.

«Өздеріңіз көріп тұрғандай, барлық жерге рәміздеріміз ілініп, қазақи өзіміздің әндеріміз орындалып, бүкіл тұрғындарымыздың көңіл-күйін көтеріп жатыр», – деді қала тұрғыны Ләззат Есенсарықызы.

«Өзіміздің Қазақстанның туы өзімізге жақсы емес пе ілініп тұрғаны?! Өзіміздің абыройымызды көтереді. Өте қуаныштымын ілініп тұрғанына», – деді қала тұрғыны Мүслім Аббасов.

«Вакцина алам деп шештім бүгін рәміздер күніне орай. Осылай өзімнің патриоттығымды білдірейін деп. Бүгін Қазақстанның вакцинасын алдым бірінші компонентін. Келсем, шоколад таратып жатыр екен, қуаныштымын», – деді қала тұрғыны Абдул Ибрагимов.

«Үзілмейді, адам өте көп келеді. Вакцинаның барлық түрі болғаннан кейін өз таңдауын жасап,  алып жатыр. 10 сәуірден бері отырмыз осында. Күнделікті 250-200-дей адам болды. Былай шағым айтып келген адам болған жоқ», – деді №5 қалалық аурухананың жоғары санатты дәрігері Гүлзат Байзақова.

Алматыда өткізілетін іс-шаралар арасында саябақтар мен скверлер, жаяу жүргіншілер көшелері, метро станциялары мен вагондары, СОСО,«Медеу» биік таулы кешені және «Шымбұлақ» курорты аумағында, сондай-ақ «Көк-Төбе» саябағында Мемлекеттік Гимн бір мезгілде (сағат 13.00-де) шырқалады. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қосылуға және Гимн шырқалған кезде барлық тәртіп ережелерін сақтай отырып, Гимн орындауға шақырады. Сонымен қатар, Алматыда байкерлер шеруі, сондай-ақ Республика сарайы ғимаратының алдында оркестрдің қатысуымен Мемлекеттік Гимн орындалады (сағат 19.00).

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматы қалалық жастар ресурстық орталығының электросамокаттарында «Менің туым» атты флешмоб өтті. Алматыдағы «Киров» әскери-патриоттық клубының мүшелері Қазақстанның Мемлекеттік Туын биіктігі 3 680 метр Үлкен Алматы шыңында көтеріп, домбырада Құрманғазының шығармаларын орындады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир