|
01.07.2021 | 14:38
2976

Алматыда «дельта» штаммын жұқтыру деңгейі өскен: Е. Бабақұмаров тұрғындарды вакцина алуға шақырды

Қалада соңғы 10-14 күнде инфекция деңгейінің «тік» өсуі байқалады

Алматыда «дельта» штаммын жұқтыру деңгейі өскен: Е. Бабақұмаров тұрғындарды вакцина алуға шақырды pixabay.com

Алматыда «дельта» штаммын жұқтыру деңгейі өскені байқалады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қалада соңғы 10-14 күнде инфекция деңгейінің «тік» өсуі байқалады. Егер бастапқыда «дельта» штаммын жұқтырғандар жалпы көрсеткіштің 23 пайызы болса, бүгінде ол 78 пайызға артты. Бастапқыда күніне 144 адам вирус жұқтырса, бүгінде ол 305 жағдайға жетті. Инфекция жұқтырғандардың басым көпшілігінде симптом бар, тек 23 адамда симптомсыз», – деді Ержан Бабақұмаров.

Сондай-ақ, ол қала тұрғындарын вакцинацияға белсенді қатысуға шақырды.

«Әйтпесе Алматыдағы инфекция жұқтыру деңгейі шиеленісіп кетеді», – деп қосты әкім орынбасары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир