|
04.07.2019 | 18:20
3596

Амангелді СЕЙІТХАН: «Қанат Ислам қарсыласын баудай түсіреді деп сенеміз»

Қанат Ислам алғаш Бейжің олимпиадасында баршаға өзінің шоқтығы биік екенін танытты

Ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен Доминикан елінің былғары қолғап шебері Хулио де Хесус арасында жекпе-жегі өтеді. Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белдігіне таласатын қос спортшы бүгін журналистер алдына шығып, тек жеңісті көздейтіндерін айтты. Осы тұста Almaty.tv тілшісі белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітханмен сұхбаттасып, маманның пікірін тыңдап көрген болатын.

– Аман аға, бұл жекпе-жектен не күтуге болады? Боксшылардың деңгейі қандай?

– Әдемі айқас, керемет бокс болады деп күтемін. Бірақ ұйымдастырушылар оны көрерменге қай деңгейде жеткізе алады? Міне, мәселе осында. Де Хесус 36 жаста. Тәжірибелі спортшы. Олардың елдерінде жекпе-жектер өте жиі өтеді. Мүмкін ысылған шығар. Бірақ біз қалай болғанда да Қанат жағындамыз, соның тілеуін тілейміз.

– Қанат Ислам біраз уақыт үзіліс жасады. Қазіргі қарымы қандай?

– Осыдан біраз уақыт бұрын Қанаттың өзімен тілдестік. Сонда ол өзінің біршама ысылғанын, салмақ тастап, бүкіл ерік-жігері мен күшін салып, жаттығып жатқанын айтқан болатын. Оның маңында қазір басқа да бапкерлер жүр. Тіпті соның арасында Тұрсынғали Еділов те бар. Сол кісі қазақ промоушеннің бас бапкері ретінде де Қанатқа ақыл-кеңесін аямайды деп ойлаймыз. Қазақстанға келген бетте Қанат біраз уақыт Тұрсынғали Міржақыпұлының ұстаханасында болды. Екеуі біраз жұмыс істеді. Қанат сол кезде тамаша нәтижеге қол жеткізген болатын. Қазір де ол өз күш-қуатын қалпына келтіріп, қарсыласын баудай түсіруге дайын деп үміттенеміз.  

– Қанаттың жасы 36-дан асып кетті. Кәсіпқой бокста тағы қанша уақыт жүре алады деп ойлайсыз?

– Қанатты өзім алғаш Бейжің олимпиадасында көрген болатынмын. Сол олимпиада ойындарында Қанат Ислам баршаға өзінің шоқтығы биік екенін танытты. Бірақ, өкінішке қарай, соңғы жылдары оның спорттағы жолында біраз үзіліс болып қалды. Жарақат алды, тағысын тағы деген сияқты. Ол соған қарамастан, бәрібір жекпе-жек өткізу керек еді. Сондықтан, оны бірден баяғы бабына келе салады дегеннің өзі әбестік болуы мүмкін. Дегенмен, бізде мына Алматыда жанкүйерлерінің қолдауын сезінетін Қанат барын салатына сенімдіміз. Ал, енді Де Хесустың да шамасын сол кезде байқаймыз.  

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир