|
27.02.2020 | 11:13
2153

Димаш коронавирустан қалай сақтанатынын айтты

Беларусь басылымына берген сұқбатында Димаш соңғы 4 жылда әлі бір рет дұрыстап демалмағанын да айтқан

newtimes.kz

Үнемі гастрольде жүретін Димаш Құдайберген коронавирус шыққалы өз басын қатерге тігуге мәжбүр, бірақ оны жұқтырмау үшін барлық сақтық шараларын сақтайтынын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Димаш COVID-19 вирусының таралуына байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Ол мұны адамзатқа төнген қатер деп санайтынын, сондықтан оны елемеуге болмайтынын айтты.

Димаштың жүрегінде Қытай ерекше орын алады, өйткені оның әлемдік карьерасы осы елден бастау алған. Әнші өз фанаттарының қазіргі кешіп жатқан күйіне алаңдаушылығын жасырмайды және Аспан асты елі тұрғындарын вирустан тезірек құтылуын шын жүректен тілейді.

"Әрине, ауырып қалмас үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Үнемі маскамен жүремін. Қытай тыңдармандарыма мықты денсаулық, мына індеттің тез арада аяқталып, басылуын тілеймін. Олар үшін шын жүректен алаңдаулымын. Қытайлық жанкүйерлер менің орындауымдағы музыканы қатты ұнатады, сол себепті мен әлемнің қай түкпіріне бармаймын, артымнан еріп жүреді, менің концерттерімді жібермеуге тырысады. Біз үлкен жанұя сияқтымыз және бұл өте жақсы нәрсе", – деді Димаш "Союзное Вече" басылымына берген сұқбатында.

Беларусь басылымына берген бұл сұқбатында Димаш соңғы 4 жылда әлі бір рет дұрыстап демалмағанын да айтыпты.

Коронавирус: тағы төрт елдің азаматынан анықталды

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир