|
25.02.2020 | 10:45
1086

Көшедегі бір топ адамды көлік қағып кетті

Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 15 адам зардап шеккен, оның ішінде балалар да бар

REUTERS

Немістің Фолькмарзен қаласында Mercedes автомобилі карнавалдағы бір топ адамды қағып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новости -ге сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 14.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.30-да) болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 15 адам зардап шеккен, оның ішінде балалар да бар.

Көлік тізгінінде болған жүргізуші қамауға алынды. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны және әдейі істеді ме, жоқ па, белгісіз.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир