|
02.02.2017 | 10:36
1811

Алматы қаласының теміржол вокзалдарында бақылау күшейтілді

Алматы қаласының теміржол вокзалдарында бақылау күшейтілді

Алматы қаласының теміржол вокзалдарында бақылау күшейтіліп, жолаушылар мен вокзалға келушілерді жіті тексеру басталды. Барлық жолаушылар мен тасымалданатын жүктер міндетті түрде тексерістен өтеді. «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы мұны "жолаушылар қауіпсіздігі деңгейін арттырып, терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету" мақсатында енгізіп отырғанын хабарлаған еді. Әзірге аталмыш жаңашылдық тек Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарында сынақтық режимде іске қосылды. Жүйенің жұмысы пысықталғаннан соң басқа да өңірлерде енгізіледі.

«Әрине, бұл жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында өткізіліп жатқан сынақтық режим. Поездан кешігіп қалмауы үшін жолаушылар ертерек келіп, қол жүктерін өткізуге болады»,- деді «Алматы-2» вокзалының басшысы, Айжамал ЖАҚСЫЛЫҚОВА.

Айта кетейік, бұған дейін вокзалдарда тек металлодетектор болса, енді арнайы ренгтгендік аппарат орнатылды. Бұл құрылғы  терроризм қауіптілігінің деңгейі белгіленген кезде аса қажет болмақ. Ал, қауіптілік режимі орнамаған кезде - билеті бар және ғимаратқа кіру мұқтаждығы жоқ азаматтар вокзалдың маңындағы қақпалар арқылы пойыз жолдарына тексеріссіз өте береді. Басты мақсат - халық көп шоғырланатын вокзал ішінде қауіпті сейілту.

«Келген адамды мына металлоискатель арқылы, рамка арқылы адамды өткіземіз. Мында корзинада адамның темірден жасалған кілттері, не болмаса сотовый телефон, сол секілді өзге заттарды мына карзинаға салады, сосын өткіземіз»,- деді Тексеру инспекторы, Азамат АХМЕТОВ.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир