|
02.06.2017 | 12:30
1399

Елбасы «ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралады

Елбасы  «ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрме кешенін аралады. Мемлекет басшысы алдымен «Нұр Әлем» павильонында болды. Ол - диаметрі 80 метр шар үстіне салынған теңдессіз ғимарат. Павильонда «Болашақ энергиясы» музейі орналасады, онда Қазақстанмен танысу аймағы болады. Сондай-ақ энергияның негізгі түрлері ұсынылады. Кейін Нұрсұлтан Назарбаев көрме кешенінің конгресс орталығына барды. Ол - көпфункционалды мәдени әрі ойын-сауық орталығы болып саналады. Онда 2 мың 192 орынға арналған көрермендер залы және 4 конференц-зал бар. Айта кетейік, Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінің басталуына небәрі 8 күн қалды. Халықаралық шара 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған қатысуға 115 ел ниет танытқан.   

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир