|
14.07.2020 | 15:07
4825

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында Пациенттерді мониторингілеу орталығы ашылды

Орталықтың құрылған сәтінен бастап, яғни 7 шілдеден 12 шілде аралығында 100 пациент консультация алды, тәулік бойы 200-ден астам қоңыраулар қабылданды

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында Пациенттерді мониторингілеу орталығы ашылды inform.kz

КІАҒЗИ Пациенттерді мониторингілеу орталығы 7 және 12 шілде аралығында тәулік бойы жұмыс істеу тәртібінде 100-ден астам пациентке консультация беріп 200-ден астам қоңыраулар қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орталықтың басшысы, профессор, м.ғ.д., жоғары санатты аллерголог-иммунолог Таир Нұрпеисов қысқа мерзімде орталықтың міндеттері, техникалық мүмкіндіктерінің айқындалғандығын, университет және институттың резиденттері қатарынан, дәрігерлер мен профессорлар-оқытушылар құрамынан  еріктілер бригадасы ұйымдастырылғандығын атап өтті.

«Жұмыс үш деңгейлі жүйе бойынша ұйымдастырылды. Олар халық және медицина қызметкерлерінің ең жиі қоятын сұрақтарына жауап беретін тәулік бойғы Call-орталық, жоғары медициналық білімі мен жалпы практика дәрігерінің сертификаты (резидент дәрігерлер)  бар 12 операторлы көп арналы телефон желісі. Қашықтықтан консультация беруге арналған кезекші дәрігерлер бригадасы (24 маман, оның ішінде терапевтер, пульмонологтар, аллерголог-иммунологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар) үй жағдайында коронавирус инфекциясы, пневмония мен ілеспелі ауруларды  емдеу және мониторингілеуге қатысты болатын сұрақтарға тәулік бойы жауап береді. Сарапшы-дәрігерлер (кардиологтар, инфекционистер, гастроэнтерологтар, эндокринологтар, аллерголог-иммунологтар, пульмонологтар, хирургтар  және т.б.) – жоғары практикалық тәжірибесі бар 40-тан астам маман Пациент - МСАК дәрігері-консультант режимінде бейне консультациялар беруде», – дейді хабарламада.

Орталық алдында халыққа коронавирус инфекциясымен күресудің нақты шараларын, асқынулардың профилактикасын; ішкі ағзалардың ілеспелі ауруларының менеджментін; жедел медициналық көмек пен емделуге жатқызуға деген қажеттілікті төмендету; үрей, қорқыныш көңіл-күйін азайту, өзін өзі емдеумен айналысу, анти-ғылыми әдістер мен құралдардың пайдаланылуына қатысты ақпарат беруді қамтамасыз ету міндеті тұр.

Қысқа уақыт аралығында Орталықтың қызметі КВИ жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берді, мұны  қазақстандық әріптестеріне көмек көрсету үшін Алматыға Ресей  Федерациясынан келген сараптау тобының мүшелері де атап өтті.

«Орталықтың құрылған сәтінен бастап, яғни 7 шілдеден 12 шілде аралығында 100 пациент консультация алды, тәулік бойы 200-ден астам қоңыраулар қабылданды. Еліміздің басқа өңірлерінен: Алматы, Атырау, Жамбыл және т.б. облыстардан да телефон шалып жатады, сонымен қатар қалалар мен облыстардың жеке медицина ұйымдарының медицина қызметкерлерінен өтініштер келіп түседі. Барлық өтініштер дер кезінде өңделіп, оларға көмек көрсетіледі», – делінген хабарламада.

Маңызды да, өзекті мәселелер бойынша барлық деңгейде үнемі нұсқаулықтар мен тренингтер өткізіледі. Алматы қаласының Әкімдігімен, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен, емханалармен, жедел медициналық көмек көрсету станциясымен, стационарлармен ақпарат алмасу қатынасын жақсарту жұмысы жолға қойылды.

Қаланың бас инфекционисті, профессор Амангүл Дүйсенова, бас пульмонолог, проф. Сауле Касенова, бас аллерголог, проф. Таир Нұрпеисовтың қатысуымен «COVID-19 күрделілігіне байланысты амбулаторлық деңгейде емдеп қараудың тактикасы тақырыбында вебинар өткізілді. Тұрақты түрде дүние жүзінен ғылыми-практикалық ізденістердің жетістіктері мен нәтижелері туралы қысқаша ақпарат құрастырылады.

Орталық мамандары елімізде болып жатқан осындай қиын уақытта қала тұрғындарына көмек көрсету үшін барлық күш-жігерлерін салып отыр. Олардың көбісі КВИ және пневмониямен ауырып шықты, дегенмен қайтадан қатарға қосылып, осы індетті емдеудің дұрыс тәсілі өмірге қауіпті асқынулардың алдын алатындығын көрсетті.

«Біз отандастарымызға зор денсаулық және эпидемиядан шығуымызды тілеймін», – дейді Таир Темірланұлы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир