|
07.06.2024 | 15:28
144

Май өндірісі: сала мамандары меморандумға қол қойды

Алматыда май және тоң май өнеркәсібінің көшбасшылары III халықаралық конференцияда бас қосты

Май өндірісі: сала мамандары меморандумға қол қойды Almaty.tv

Алматыда май және тоң май өнеркәсібінің көшбасшылары бас қосты. Іс-шараға осы саламен тікелей байланысты 150-ден астам делегат қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстандық май өндірушілердің алдында тұрған үлкен мәселе – логистика. Отандық өнім әлемнің көптеген елінде сұранысқа ие болғандықтан майлы дақылдардың егіс көлемі ұлғайып, оның экспорты да артып келеді. Сыртқы нарыққа шығып, жеткізу географиясын кеңейтуді көздеген әріптестікті нығайту  бүгінгі халықаралық форумда мүмкін болды. Сала мамандары серіктестікті дамытуда меморандумға отырды.

– Сала серпінді дамып келеді. Бұны бүгінгі келген қонақтарымыз бен сала жетекшілеріне қарап айтуға болады. Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған форумға қатысуға ниет білдірген компания өкілдері де ынтымақтастықтың артқанын қалайтыны сөзсіз, – деді ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Май өнеркәсібі – республикадағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Конференцияға қатысушылар «Мемлекет басшысының оң бағытын алға тартып, өнімнің сапалығына баса назар аударуымыз керек» дейді. Жиында Қазақстанның Орталық Азияның күнбағыс майына деген қажеттілігін толығымен өтей алатыны сөз болды.

– Негізгі мақсат –  май өндірісіндегі ең маңызды проблемаларды анықтап, оны шешу. Басты меже –2028 жылға дейін өндіріс экспортын едәуір арттыру. Орталық Азиядағы халықтың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, күнбағыс майына деген қажеттілік тек арта түседі. Тәжікстанда 2022 және 2023 жылдары Қазақстанның өсімдік майын жеткізудегі үлесі 70 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ Өзбекстан мен Ауғанстан нарығына май өнімдерін жеткізу үлесі артып келеді, – деді «Майлы дақылдарды өңдеушілер» ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов.

Қауымдастықтың болжамы бойынша, өсімдік майлары мен ақуызы жоғары жемшөптердің Қытайға экспорты 2026 жылға қарай 3 млн 300 мың АҚШ долларына жетеді. Конференция барысында сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, терең өңдеуге көшу, шикізаттық емес өнімнің экспорттық әлеуетін іске асыру, елдің агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялар тарту сияқты тақырыптар қозғалды.

Талант Айымбетов, Рашидин Юкупов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Ауыл аманаты: Жамбылда кооперативтер субсидия қаржысынан қағылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир